Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматыда үйлердің қасбеттерін жарықтандыру бойынша ережелер әзірленуде. Бұл туралы 2025-2027 жылдарға арналған қала бюджеті қабылданған қала мәслихатының сессиясы барысында хабарланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Былтыр мәслихат шешімімен Алматының Дизайн-коды бекітілген болатын. Бүгінгі таңда әкімдік магистральдық көшелер бойындағы үйлердің қасбеттерін сәндік-жарық безендіру бойынша жаңа ережелер әзірлеуде. Бұл қаланың үйлесімді келбетін қалыптастыруға және түнгі уақытта қалалық ортаның жақсы көрінуіне мүмкіндік береді.
Қала әкімдігі шаһардың эстетикалық келбетін жақсарту мақсатында 2022-2024 жылдары 5 млрд теңгеге 355 үйдің қасбеті жөнделгенін атап өтті. 2025-2026 жылдары тағы 296 қасбетті жөндеу жоспарлануда.
Еске салсақ, Дизайн коды-әрқайсысы жеке бағытты сипаттайтын қосымшалар жиынтығы. Мұндай қосымшалардың алтауы бар: сыртқы ақпарат, навигация, көше жиһазы, көгалдандыру, қасбеттер мен қоршаулар. Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша қалалық нысандарды жарықтандыру бойынша жетінші қосымша қосылды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?