Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Аталған жарыс 23-26 шілде аралығына жоспарланған. Турнирге әлемнің 15 мемлекетінен 235 жас теннисші қатысады деп күтілуде.
Атап айтар болсақ, Алатау төрінде Гонконг, Үндістан, Катар, Қытайлық Тайпей, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, АҚШ, Түрікменстан, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Жапония, Қазақстан спортшылары өзара бақ сынайды.
Жарысты қабылдаушы мемлекет Қазақстан сапынан түрлі жас санатындағы 86 спортшы сынға түседі.
Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) мен Әлемдік үстел теннисі (WTT) қолдауымен өтетін турнир жасөспірімдер сериясының күнтізбесіне енген және әлемдік рейтинг бойынша ұпай таратады.
Үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирінде мына жас ерекшеліктері бойынша жүлделер ойнатылады:
Турнир Алматы қаласын Нұркент, 14 Б мекенжайында орналасқан ADD Ustel Tennis Ortalygy кешенінде өтеді. Кіру тегін.
Сондай-ақ жарыс тікелей эфирде Qazsport арнасынан көрсетіледі.
Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?