Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматыда ұрлықтың 7 дерегіне қатысы бар жігіт қолға түсті, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Polisia.kz. сайты мәлімдеді.
Полиция қызметкерлері қалта ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады.
– Қылмыс жасаған 24 жастағы Н.есімді азамат қамауға алынды. Күдіктіні ұстауды біздің полиция қызметкерлері Медеу аудандық ПБ-дағы әріптестерінің көмегімен жүзеге асырды. Күдіктіден үш ұялы телефон табылды және тәркіленді. Олар қылмыстық іске заттай айғақ ретінде тіркелді. Қаскөйдің базарлардың бірінде жүргендігі және бір жарым сағаттың ішінде екі рет ұрлық жасағандығы анықталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу ұсталған азаматтың жеті ұрлыққа қатысы барын анықтады.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар