Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары2025 жылдың 30 сәуірінде Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс – батырлар рухына тағзым» атты салтанатты іс-шара өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, іс-шара аясында Қазақстан және Ресей архивтерінің 2022-2025 жылдары бірлескен жұмыс жоспары аясында жарияланған «Документальные свидетельства героизма казахстанцев в Великой Отечественной войне (1941-1945 гг.)» атты фотоальбомының тұсаукесері өтеді.
Жаңа фотоальбом үш бөлімнен тұрады. Атап айтсақ, «Снискавшие Славу трёхкратно... (Даңқты батырлар)» бөлімінде қазақстандық Данқ ордені иегерлерінің фотопортреттері мен олардың соғыстан кейінгі өмірін баяндайтын материалдар жинақталған.
«Женщины в строю боевом (Жауынгер әйелдер)» бөлімінде ерліктері аз айтылған қазақстандық әйел-ардагерлердің фотоқұжаттары ұсынылған. «На переднем крае фронта трудового (Еңбек майданының алдыңғы шебінде)» бөлімінде тыл еңбеккерлерінің майданға көрсеткен үлесін бейнелейтін фотосуреттер қамтылған.
Барлығы 383 бірегей фотоқұжат ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жинақталған. Аталған іс-шараға соғыс ардагерлерінің ұрпақтары, тарихшы-ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысады.
Жиын аясында Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінің қорында сақталып, 1942 жылы Алматы кинохроника студиясында түсірілген «Тебе фронт» деректі фильмінің көрсетілімі өтеді.
Байланыс телефондары: +7 (727) 267-14-54; +7 (727) 338-43-39.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек