6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматыда 6 шілдеде бірқатар алаңдарда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерті өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл мерекелік іс-шара халқымыздың бай музыкалық өнерімен жақын таныстырып, тыңдарманға домбыраның қоңыр үнін тыңдауға мүмкіндік берді. Ұлттық домбыра күні жыл сайын елімізде шілде айының алғашқы жексенбісінде атап өтіледі. Бұл айтулы күн мәдени мұраның маңызын ұлықтап, ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған.
Домбыра – қазақ музыкалық дәстүрінің символы, халық даналығы мен жан тебіренісін жеткізетін киелі аспап. Концерт бағдарламасында күйлер шертіліп, қазіргі заман композиторларының шығармаларымен қатар еліміздің ең үздік оркестрлерінің бірі орындаған ұлттық әуендер шырқалды.
Оркестрдің жоғары кәсіби шеберлігі мен дәстүрлі өнерге деген құрметі бұл күнді ұмытылмас мерекеге айналдырды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі