12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚР ІІМ Ұлттық ұланының офицері Аманғали Семенов қайғылы оқиғаның алдын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұландық офицер тұрғын үйдің төртінші қабатынан секірмек болған әйелді құтқарды. Оқиға 16 наурызда күндізгі уақытта Алматының көппәтерлі үйлерінің бірінде болған. Аманғали оқиға орнына кездейсоқ тап болған, жоғарыға қарап тұрған адамдарды көріп, не болып жатқанын білмек болды. Бұл уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп, әйелді тағдырлы қадамнан бас тартуға көндіруге тырысып жатқан еді. Ұландық офицер уақыт жоғалтпай, жоғарғы қабаттан арқанмен төменге түсіп, көрші терезеден пәтер ішіне кірді. Бірден қонақ бөлмеге өтіп, асқан сақтықпен секіргелі тұрған әйелді артқа қауіпсіз жерге сүйреп шығарды. Әскери қызметші мен полицейлердің кәсіби әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеді.
Оқиға орнына келген дәрігерлер әйелге қажетті көмек көрсетті, ал құзыретті органдар қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер