23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматыда "тыңшы қаламын" сатқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күдікті жабдықтарды сатты деген күдікпен 42 жастағы ер адам ұсталды. Оны Алматы "Киберполының" қызметкерлері "Antifraud" республикалық іс-шарасы аясында ұстады.
Жедел іс-шаралар нәтижесінде аудиожазбаларды жасырын алу үшін арнайы техникалық құрылғыны сату әрекеті анықталды. Жергілікті тұрғын ұсталды. Ұсталғанға дейін аз уақыт бұрын ол автоқалам түріндегі шпиондық құрылғыны сатқан. Өзімен бірге тағы да осындай қаламсап болған, оны да сатуды жоспарлаған. Жетісу аудандық полиция басқармасында ақпаратты жасырын алу үшін арнайы техникалық құралдарды заңсыз өндіру, дайындау, алу, өткізу немесе пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Анес Қалдыбаев.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады