23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Алматыда кісі өлтірді деген күдікке ілінген әйел ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кешкі сағат 17:00 шамасында аса ауыр қылмыс жасалған. Алмалы ауданындағы үйлердің бірінің кіреберісінде денесінде пышақ жарақаттары бар ер адамның мәйіті табылды.
Адам өлтірді деген күдікпен «Буран-065» патрульдік полициясының экипажы әйел адамды ұстады. Ол өлтірілген ер адамның туысы екені анықталды. Олардың арасында кикілжің болып, нәтижесінде әйел адамның қолына пышақ алғандығы белгілі болды. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды. Басқа да мән-жайлар анықталады, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік