30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАлматыда 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша келген туристерді орналастыру саласында көрсетілген қызметтер көлемі 50,1 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,6% көп, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мұндай мәліметті қалалық туризм басқармасы ұсынды. Ведомство дерегінше, мұндай өсім туризм саласының тұрақты дамып келе жатқанын және Алматыға ішкі әрі халықаралық туристер тарапынан қызығушылықтың арта түскенін көрсетеді.
Қаладағы нөмірлік қоры өткен жылмен салыстырғанда 8% артып, 12 552-ге жеткен. Мегаполисте 377 орналастыру нысаны жұмыс істейді. Бұл туристер мен іскерлік сапардағы қонақтар үшін де жайлы орналасуға мүмкіндік береді.
Бүгінде Алматы туристік орталық ретіндегі позициясын нығайтып келеді. Қаладағы орналастыру орындарының бір мезеттегі сыйымдылығы 22 768 төсек-орын, бұл қонақтарды көбірек қабылдауға жол ашады. Ішкі және шетелдік туристер тарапынан қызығушылық артқанын байқап отырмыз. Жаңа жобалар жұмыс орындарын ашып, инфрақұрылымды жақсартып, Алматыда демалысты қолжетімді әрі жайлы етеді, – деп атап өтті қалалық туризм басқармасы.
Биыл жыл басынан бері жеке инвестициялар есебінен 34 жаңа туристік нысан пайдалануға берілді. Олардың ішінде 11 қонақ үй, 1 глэмпинг, 1 капсулалық қонақ үй, 18 хостел және 3 демалыс базасы бар. Бұл нысандар туристерді жайлы орналастыру мүмкіндіктерін едәуір кеңейтіп, Алматының халықаралық аренадағы тартымдылығын арттырады. Бұған қоса, қала әкімдігі жанындағы жобалық кеңсе аясында 6 794 нөмірге арналған 58 қонақ үй құрылысы жобасы мен 35 туристік нысанның жобалау және құрылыс жұмыстары мониторинг жүргізілуде. Бұл көрсеткіштер саланың қарқынды дамуын әрі ұзақ мерзімді әлеуетін көрсетеді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды