12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЕртең, бейсенбі сағат 11:00-де Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтетін болады. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мегаполис тұрғындары мен қонақтарына түсіністікпен қарап, сабырлық сақтауды сұрайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұндай сейсмикалық оқу-жаттығу жылына екі рет өткізіледі. Тоқсан сайын қалада сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізілсе, биылдың өзінде 2,8 мыңнан астам сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізілді.
Алдағы жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға алдын ала дайындық жүргізілуде. Мәселен, ертеңнен бастап телеарналар мен радиоарналарда хабарландыру басталады, алматылықтар оқу-жаттығуға қатысты эвакуациялау туралы ақпараттандырылып, ұсыныстар беріледі. Сейсмикалық оқу-жаттығу күні теле және радиоарналар сиреналық қондырғыларды іске қосу арқылы қалалық ескерту жүйесі іске қосылады, "Дармен" мобильді қосымшасы арқылы push-хабарламалар жіберіледі, - деп хабарлайды Алматы қалалық ТЖД өкілдері.
Сонымен қатар жер сілкінісі кезінде халықтың іс-әрекеті бойынша жадынамалар тарата отырып, төтенше жағдайға байланысты дабыл дорбасы жасақтау бойынша оқыту тренингтері өткізілетін болады.
Сейсмология институтының болжам комиссиясының мәліметінше, жыл соңына дейін қалада 7 және одан да көп балдық жер сілкінісі күтілмейді. Сондықтан жүргізіліп жатқан қалалық сейсмикалық дайындық жер сілкінісін күтілуіне байланысты емес, - деді ведомстводан.
Еске салайық, Алматы қаласы 9-10 баллдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Жыл сайын қалада 200-ге дейін әлсіз, сезілмейтін жер сілкінісі болады. Бұл ретте күші 2-ден 4 балға дейінгі жер сілкінісі Алматы үшін фондық режим деп саналады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер