6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматыдағы Наурызбай батыр көшесі №41 мекенжайда орналасқан тұрғын үйдің жанына заңсыз салынған екі қосымша нысанды сүру туралы сот шешімі шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бұған дейін тұрғынның өтініші бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде тұрғын үйдің екі жағынан да қосымша құрылыстардың заңсыз салынғаны әрі жалпы пайдаланылатын аумақта рұқсат құжаттарының болмағаны анықталған еді. Меншік иесіне (жеке тұлғаға) қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Кейін Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен меншік иесі кінәлі деп танылып, оған әкімшілік айыппұл салынды және заңсыз салынған қосалқы нысандар мәжбүрлі түрде бұзылатын болды.
Алматы қалалық сотының 2024 жылғы 16 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды.
Меншік иесі қосалқы нысанның біреуін өз еркімен бұзды. Ал екінші қосымша құрылысты мәжбүрлі түрде сүру бүгін сот шешіміне сәйкес, сот орындаушыларының қатысуымен жүріп жатыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі