Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихыАлмалы ауданының полиция қызметкерлері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ЖҚАЖ жауынгерлерімен бірлесіп, қаладағы бірқатар түнгі ойын-сауық орнына профилактикалық іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ІІМ мәліметінше, тексеру барысында 190-нан астам адам, сондай-ақ осындай орындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күзет ұйымдарының қызметі қаралды. Іс-шара барысында әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз жүруі, сондай-ақ мекеме әкімшілігінің тарапынан олардың қатысуына жол берілу деректері тіркелді.
Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті бұзу және ұсақ бұзақылық деректері анықталып, олар бойынша әкімшілік заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды. Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы М.Пшанның айтуынша, түнгі ойын-сауық орындарының қызметін бақылау жұмыстары жүйелі түрде жалғасады.
Мұндай профилактикалық рейдтер қоғамдық тәртіпті сақтау, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткізіледі. Біз «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде әрекет етеміз. Ең бастысы – құқық бұзушылықтың алдын алып, қауіптердің туындауына жол бермеу, – деді М.Пшан.
Барлық ойын-сауық орнынан азаматтардан келіп түскен шағымдар негізінде тексеру жүргізілді. Анықталған заң бұзушылықтар тіркеліп, материалдар заңнамаға сәйкес шара қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданды.
Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихы15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады