23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматыда жалпықалалық сенбілік өткізу кезеңінде арнайы жуғыш құралдарды қолдана отырып, тротуарларды кешенді жуу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы қалалық коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері хабарлады.
Тазалау жұмыстары бірнеше кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде тротуарлар су және жуғыш ерітінді беретін су шашатын арнайы техникалармен жуылады. Бұл кірді, шаңды және көшедегі қақтарды жұмсартады. Одан кейін жол саласы жұмысшылары щетканы қолдана отырып, тротуар плиткаларын механикалық тәсілмен тазартады. Соңғы кезеңде көбік пен кір қалдықтарын кетіру үшін таза сумен қайта жуылады.
Ауқымды тазалық шаралары қаланың 23 нүктесінде ұйымдастырылып, оған 48 бірлік арнайы техника мен 480 жол саласы жұмысшысы тартылған.
Тазалау жұмыстары Алматының барлық ауданындағы негізгі учаскелерді қамтиды. Атап айтқанда, Абай, Райымбек, Назарбаев даңғылдары, Панфилов, Сәтбаев, Гоголь көшелері және жүргіншілер қозғалысы қарқынды басқа да аумақтар қамтылған.
Жүргізіліп жатқан іс-шаралар қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады