Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсАлматыда құтқарушылар адасып кеткен төрт туристке үйлеріне оралуға көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ таратқан мәліметке сәйкес, туристер табылған кезде медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
4 маусым сағат 19:05-те ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне, Медеу ауданындағы тауларда төрт турист жоғалып кетті деген хабарлама келіп түсті. Туристер Көк-Жайлау-Күмбел шыңы бағытымен жүріп, кері қайтар жолда Горельник шатқалына қарай шығып, жолда адасып кеткен. Туристтер телефонмен байланыста болып, геолокациялық деректерін жібере алды. Сағат 20:00-де 6 адамнан тұратын жедел топ, оның ішінде бір кинологиялық есептоп Горельник шатқалына туристерді іздеуге шықты. 22:55-те ТЖМ құтқарушылары зардап шеккендерді тауып алды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Құтқарушылар серуендеу ережелерін ескертті. Тауға шықпас бұрын бағытты мұқият тексеріп, жалғыз жүрмеуге, жолдастарыңызды таныс емес ортада жалғыз тастамауға кеңес береді.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды