Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматыда заңсыз ойын бизнесі бойынша 5 қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеу басқармасы басшысы Сәкен Қондыбаев мәлім етті. Спикер Экономикалық тергеу департаментінің басым міндеттерінің бірі заңсыз ойын бизнесімен күрес екенін атап өтті.
Заңның 11-бабына сәйкес казино мен ойын автоматтарының залдарын Алматы облысында (Қапшағай) және Ақмола облысында (Щучье ауданы) орналастыруға болады. Басқа жерлерде ашу заңсыз деп танылады. Мәселен, заңсыз жұмыс істеген 4 онлайн казино мен бір ойын залы жабылды. Былтыр заңсыз құмар ойын ұйымдастыру ісі бойынша 14 факті анықталды. Ұйымдастырушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деді спикер.
Сонымен қатар, ол сала мамандары қазір Мемлекет басшысы қол қойған жаңа заң аясында жұмыстар жүргізіп жатқанын жеткізді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары