Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматыда экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «Таза ауа» акциясы жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Акция барысында қала бойынша экологиялық бекеттерде 882 көлік тексерілген. Негізгі мақсат – көліктердің зиянды шығарындыларын азайту, экологиялық стандартқа сәйкестігін анықтау.
Қала әкімдігі тексеру жұмыстарының қорытындысын жарияланды. Ондағы мәліметке сүйенсек, 45% көлік (398 көлік) экологиялық стандарттарға сай болмай шыққан. Оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Қайталама бұзушылық анықталған 11 көліктің мемлекеттік нөмірі ақау жойылғанша алынған.
Автокөлік – Алматының ауасын ластаудың негізгі себебінің бірі. Акция ауаның ластану деңгейін төмендетуге және қала тұрғындары үшін таза әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған. Қаланың өмір сапасын жақсарту үшін жүргізушілерді көліктің жағдайын бақылауға ынталандыратын мұндай тексеріс маңызды рөл атқарады,-делінген әкімдік мәліметінде.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары