Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсАлматыда қала тұрғындары мен қонақтары үшін төрт жерде тегін мұз айдыны ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Олар мынау мекен-жайларда орналасқан:
- Тұңғыш Президент саябағының алдында;
- Республика Сарайының алдында;
- Әуезов ауданында Ықылас 8 д мекенжайы бойынша, Таугүл ш/а;
- Шұғыла шағын ауданы, 347 мекенжайы бойынша Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында.
Келесі аптада Түрксіб ауданы Сейфуллин, 13 мекенжайы бойынша №6 Оқушылар үйінің алдында және Жетісу ауданындағы «Гүлдер» саябағында мұз айдындары ашылады.
Кіру – тегін, конькиді жалға алу құны (2 сағат) - 1000 теңге. Конькимен келгендерге тегін.
Жалға беру пункттері жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін ашық болады.
Айта кетейік, мұз айдындары тәулік бойы жұмыс істейді.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды