Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматыда тауға шыққан екі турист адасып қалған. Олардың бірі - Ресей азаматы. Жас туристерге құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
22 мен 25 жастағы екі турист Үлкен Алматы шыңы жағындағы тауға серуенге шыққан. Бірақ маршрутты білмегендіктен жолдан адасып, 112 нөміріне хабарласып көмек сұраған.
Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы іздестіру жұмыстары Үлкен Алматы шыңының етегінде жүргізген. 12 тамызда туристер Екіөзек өзенінен жоғары тау шыңының шығыс жағындағы бастиондарда 2700 метр биіктікте табылды.
ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар туристерді таудан төменге түсіріп, ата-аналарына аман-есен тапсырды. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар