6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматыда Қазақстан Тәуелсіздігінің 32 жылдығына орай түрлі іс-шаралар өткізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
15 желтоқсан күні сағат 11.00-де Дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығында Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен "Тәңір сыйы – Тәуелсіздік" атты кездесу ұйымдастырылады. Бұл күні сағат 15.00-де Қонаев мұражайында "Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тірегі" атты фотокөрме өтеді.
Сағат 15.00-де Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатында "Тәуелсіздік – аппақ таным арайлы" атты тақырыпта дөңгелек үстел өтеді.
Сағат 19.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің концерті өтеді.
16-18 желтоқсан аралығында пауэрлифтинг пен стендтік пресс бойынша қала чемпионаты өтеді.
18 желтоқсанда сағат 15.00-де Alatau Creative Hub-та "Тәуелсіз елдің ұрпағы" зияткерлік ойыны өтеді.
Айта кетейік, Тәуелсіздік мерекесі сенбі күнге түскендіктен демалыс күндері ұзарады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі