Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматыда құтқарушылар тауда аяғын жарақаттап алған жігітті эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бүгін Алматы қаласының Медеу ауданы аумағындағы Көк Жайлау шатқалында жас жігіт аяғын жарақаттап, өз бетінше жүре алмай қалғаны туралы хабарлама келіп түскен. ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы оқиға орнына аттанғанын мәлімдеп, құтқарушылар Ақбұлақ (Просвещенец) ауданынан Көк Жайлауға жаяу бағыт алған. Олар зардап шеккен азаматқа жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Аяғын қайырып алған 2004 ж.т. азаматты құтқарушылар БАО постына қарай тасымалдап, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Бұл ретте ТЖМ ел тұрғындарына ескерту жариялап, таулы жерлерде серуендеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды қаперге салады. Сондай-ақ, ыңғайлы аяқ киім киіңіз және ауа райын алдын ала қадағалау да аса маңызды.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек