Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталдыАлматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қаланың таулы аймақтары мен тау бөктерінде құрылысқа бақылау күшейтілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, 2022 жылы 36 нысан, 2023 жылы 89 және биыл 32 нысан салуға рұқсат берілмеген.
Тәжірибе көрсеткендей, бүгінде барлық құрылыс салушы жобалық шешімді сақтамайды. Мәселен, анықталған заңсыз құрылыстың 54 фактісінің 46-ы сотқа берілді, оның 30-ы қаланың пайдасына шешілді, 5-еуінде нысандар бұзылды.
Алматы әкімі Ерболат Досаев сәулет және қала құрылысын қадағалау органдарына, аудан әкімдіктеріне тау бөктеріндегі аумақтарда өз бетінше құрылыс салуға тұрақты түрде мониторинг жүргізуді тапсырды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп жатқан ҚР Құрылыс кодексіне жеке тұрғын үйлер құрылысының барысын тексеру мүмкіндігі бөлігінде қала құрылысын бақылау органдарының өкілеттігін күшейту жөнінде ұсыныс енгізілсін. Жер ресурстарын басқару департаменті жер заңнамасының сақталуы үшін жер телімдеріне тексеріс жүргізу жүктелді.
Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады