Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматыда Қыз Жібек көшесі, 25 мекенжайдағы таулы жерде заңсыз салынған құрылысты сүру басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, ауданы шамамен 544 шаршы метр болатын объектіні меншік иесі (жеке тұлға) рұқсат беру құжаттамасынсыз, авторлық және техникалық қадағалауларсыз шаруашылық тәсілмен тұрғызған.
Қалалық құрылысын бақылау басқармасы меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі, 321, 322-бөлігі 1, 463-бөлігі 1-бөлігі бойынша шаралар қабылдады, сондай-ақ жол берілген бұзушылықтарды жоймағаны үшін нұсқама берілді.
Нұсқама талаптарын орындамағаны үшін меншік иесі ҚР ӘҚБтК 462-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Айта кетерлігі, 2023 жылғы 9 маусымда Медеу аудандық сотының шешімімен басқарманың объектіні бұзуға қатысты талап арызы қанағаттандырылды, содан кейін меншік иесінің аппеляциялық шағымы бойынша сот талқылаулары жүргізілді.
2023 жылғы 21 қыркүйекте Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды.
Сүру бүгін сот орындаушыларының қатысуымен басталды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді