Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Алматы қаласының Медеу ауданындағы Кенсай-1 аумағында тау бөктерінде өрт шықты. Өрттің жалпы ауданы шамамен 15 гектарды құрайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға орнында жеке құрамнан 50-ге жуық қызметкер және 20-дан астам техника, соның ішінде жергілікті атқарушы органдардан су тасымалдайтын машиналар жұмылдырылған.
ТЖМ мәліметінше, таулы жер бедері, тік жартастар және өрт сөндіру техникасы үшін жол қатынасының шектеулі болуы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатуда. Жұмыстар қолда бар құралдар мен аспалы өрт сөндіргіштерді қолдана отырып жүргізілуде. Тұрғын үйлерге қауіп жоқ.
Өртті оқшаулау үшін барлық шаралар қолданылып жатыр. Сәрсенбаев көшесіндегі жеке секторға өрттің таралу қаупі жойылды.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары