Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыІшкі істер органдарының аты аңызға айналған ардагеріне Алматы қалалық полиция департаментінде салтанатты түрде құрмет көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Республика күніне орай ұйымдастырылған шараға туған күн иесі, ПД басшылығы, ардагерлер, Қамбар Сәрсеновтің туған-туыстары, жеке құрам, сондай-ақ ҚР ІІМ Алматы академиясының курсанттары қатысты.
Қамбар Әмірұлының өмірі, еңбек жолы, ішкі істер органдарының дамуына қосқан үлесі, қол жеткізген жетістіктері, қазақ халқының сұрапыл соғыс жылдарында көрсеткен ерлігі, батылдығы мен ерен еңбегі біздің ұрпағымыздың есінде мәңгі қалады. Қамбар ағамыздың қыры мен сырына толы өмір жолы жас мамандар үшін үлкен өнеге екені сөзсіз. Біз Қамбар ағамыздай ардагерлермен мақтанамыз және олардың жасаған ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз. Құрметті Қамбар Әмірұлы, сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, таусылмас қуат тілейміз, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.
Ардагердің жүз жасқа толған мерейтойы күні майдангерге арнап полиция қызметкерлері мен полиция департаменті ансамблі солистерінің орындауында әскери әндер шырқалды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары