Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматыдағы балабақшада балаға қатігездік таныту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің балаға күш қолданғаны анықталды. Осы оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.
Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады, – деп атап өтті ведомство.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші балалардың бірін қылқындырған. Оқиға кезінде бөлмеде тағы екі қызметкер болған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар