Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?АҚШ-тан келген мейман, Steppe Global Education білім беру орталығының басшысы Джоэл Эриксон Қазақстанда өз ісіне адал емес таксистерге тап болғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Джоэл Эриксон Астанада өткен Бауырлас қалалар форумына келген.
Такси жүргізушісі мені алдамақ болды, яғни автокөлікпен тасымалдау қызметіне тым көп ақша алғысы келді. Олар шетелдік екенімді біледі. Алматыға алғаш келгенімде, әуежайдан орталыққа жеткізу үшін олар 60 мың теңге алғысы келді. Әрине, бұл соманы төлеуден бас тарттым. Бірақ таксистің бұл пиғылы дұрыс болмады, - деді Джоэл Эриксон.
Оның пайымынша, Қазақстанда таксиге тапсырыс беретін арнаулы қосымшаларды көптеп енгізу керек.
Атап айтқанда, Қазақстанда «Яндекске» ұқсас отандық қосымшаны дамыту керек. Егер сіздерде мұндай ауқымды отандық қызмет іске қосылса, ақшаның бір бөлігі Ресейге кетпей, осында қалар еді. Бұл тұрғыда осыдан келген табысты инвестиция ретінде игеруге болады, - деді ол.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары