Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр9 сәуірде Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде белгілі қазақстандық суретші, КСРО Суретшілер одағының мүшесі Иван Стадничуктың 112 жылдығына арналған жеке көрменің ашылуы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігі ұсынған мәліметке сүйенсек, экспозицияда суретшінің отбасылық коллекциясынан, сонымен қатар музей қорынан 50-ден астам кескіндемелік, акварельдік туындылар ұсынылады. Көрме 4 мамырға дейін жалғасады.
Иван Стандничук – Қазақстанның көрнекті суретшілерінің бірі. Оның көп түсті палитрамен жазылған портрет, пейзаж, натюрморттарында сан алуан сезімдер галереясы көрініс тапқан.
Суретші шығармашылығында акварель жұмыстары ерекше орын алады. Ол нәзік бояуларды астастыра отырып, пейзаждардағы түстерді, натюрморттағы заттарды шебер бейнелейді. Сонымен қатар қылқалам шебері сәлдегүлді немесе қарапайым түймедақ гүлін суреттегенде табиғи бейнесі мен техникасының ерекше мүмкіндіктерін айқын көрсетеді.
Иван Яковлевич 1913 жылы Украинаның Бердычев қаласы маңындағы Халаимгородок ауылында дүниеге келген. ҰОС ардагері, Қызыл Жұлдыз орденімен және КСРО медальдарымен марапатталған. Суретші Өзбекстанның Бұхара, Самарқанд және Ташкент қалаларында тұрған. 1940 жылы Ташкент көркемөнер училищесін бітіргеннен кейін, И.Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтына түсті. Атақты график-иллюстратор, РКФСР еңбек сіңірген суретшісі М.З.Рудаковтан дәріс алған.
1952 жылы суретші Алматыға келіп, Н.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде, Абай атындағы ҚазПИ-да ұстаздық қызмет атқарды. Ол «Пятница» әуесқой суретшілер студиясын құрып, онда 30 жылдан астам уақыт жетекшілік етті.
Иван Стадничук Қазақстан Суретшілер одағының шығармашылық және қоғамдық өміріне белсене араласып, отандық бейнелеу өнерінің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты. Суретшінің жұмыстары Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінің қоры мен бүкіл әлем бойынша музейлер мен жеке жинақтарда сақтаулы.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова