Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҒылым және жоғары білім министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен мегапоисте студенттерге арналған дағдарыс орталығының ресми ашылуы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жаңа орталықтың миссиясы – қиын өмірлік жағдайға тап болған студенттерге жедел әрі қауіпсіз уақытша баспана, әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу және құқықтық-кеңестік қолдау ұсыну. Ғимаратта тұрмыстық жағдайы реттелген бөлмелер, тынығу және оқу аймақтары, медициналық кабинеттер қарастырылған. 50 орынға арналған орталық М.Тынышпаев атындағы ALT университетінің базасында орналасқан.
Нысанның ашылу салтанатына Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан қатысты.
Бұл орталық – жастарды қолдаудың жедел форматы. Мұнда әрбір студент өзіне қажетті көмекті уақыт жоғалтпай алады. Біздің мақсатымыз – білім алушының оқуын үздірмей, өзін қауіпсіз сезінетін кеңістік қалыптастыру және оны өмірдегі қиын кезеңнен бірге өткізу. Алматыдағы жаңа Дағдарыс орталығы жастарды кешенді қолдау саясатының нақты қадамына айналды, – деді ол.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, көмек көрсету барысында құпиялық пен этикалық нормалар сақталып, әр өтініш берушіге жеке жағдайына сай шешім ұсынылады. Сондай-ақ жастардың құқықтық сауатын арттыруға арналған түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қаладағы жоғары оқу орындары үшін ортақ байланыс тетіктері айқындалған.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?