23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматыда студенттерді қолдауға арналған дағдарыс орталығы құрылады. Бұл туралы қала әкімі Дархан Сатыбалдының университет ректорларымен кездесуі кезінде айтылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жиында жаңа оқу жылына арналған басымдықтар, жатақханадағы жағдай, студенттердің қала өміріне қатысуы талқыланды.
Алматыда 200 мыңнан астам студент оқиды. Бұл елдегі барлық студенттің үштен бірі. Сондықтан жүйелі қолдау мен күш-жігерді үйлестіру қажет. Жатақханалардың жай-күйін тексеру басталды. Студенттер үшін дағдарыс орталығы мен өтінішке жедел әрекет ететін қалалық ахуалдық штаб ашу жоспарланған.
Кездесуде ректорлар білім беру жүйесін жаңғырту, кампустардағы жағдайды жақсарту және жастардың экологиялық әрі қалалық жобаларға қатысуы бойынша идеясын айтты.
Алматының түркі әлемі жастарының астанасы ретіндегі мәртебесі аясында мәдени және білім беру іс-шаралары өтеді.
Тек осылай ғана жауапты әрі белсенді ұрпақты қалыптастыруға болады, — деп сөзін түйіндеді Дархан Сатыбалды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады