6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматыда Қазақстан гимнастика федерациясының ұйымдастыруымен спорттық акробатика бойынша халықаралық төрешілік курсы басталды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Курста Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Үндістан және Ираннан келген 29 маман білім алуда. Оқыту жаңа төртжылдық жарыс кезеңінде қолданыста болатын өзгертілген ережелерге арналған.
Лектор ретінде Халықаралық гимнастика федерациясының сарапшысы Веслава Милешка (Польша) шақырылған.
Курстың негізгі кезеңі – 21 ақпанда өтетін емтихандық сессия. Оның қорытындысы бойынша қатысушылар төрешілік санатын растауға немесе жоғарылатуға, сондай-ақ халықаралық төреші лицензиясын алуға мүмкіндік алады. Бұл оларға Халықаралық гимнастика федерациясының аясында өтетін ең ірі жарыстарда төрешілік етуге жол ашады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі