18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?7 тамызда Алматы қаласында қазақстандық спортшыларға арналған Athlete365 Career+ атты екі күндік семинар басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған шараны Олимпиадалық ынтымақтастық бағдарламасы аясында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен Халықаралық Олимпиадалық комитеті бірлесіп ұйымдастырған. Семинар КИМЭП университетінде өтіп жатыр. Жиынға Олимпиадалық спорт түрлерінен ел намысын қорғаған, сондай-ақ спорттық мансабын аяқтаған немесе әлі де белсенді спортпен айналысып жүрген 50-ге жуық спортшы қатысты. Қатысушыларды іріктеу кезінде Олимпиада ойындарына қатысқан атлеттерге басымдық берілген.
Семинар спикерлері ретінде Халықаралық Олимпиадалық комитетінің өкілдері сөз сөйледі. Атап айтқанда, спорттық атудан үш Олимпиадаға қатысқан венгриялық София Чонка және олимпиадалық зерттеулер мен спорттық менеджмент саласының маманы, мысырлық Инас Хуссейн.
Бағдарлама спорттық мансаптан кейінгі өмір мен кәсіби бағытты жоспарлауға арналған екі модульден тұрады.
Бұл семинар өте пайдалы деп есептеймін. Өйткені жарақат алған немесе басқа да өмірлік жағдайларға байланысты спорттан кейін өз орнын табу көптеген спортшы үшін оңай емес. Ал мұндай жобалар – сол кезеңде бағыт-бағдар беруге көмектеседі, - деді спорттық атудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Александра Садуакасова.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр