Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАлматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №13 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар 10 тамыз – Абай күнін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлы ақын күніне арналған “Абайды сүй, адам бол” атты іс-шарада сотталғандар Абай өлеңдеріне ерекше назар аударып, Абай оқыған кітаптармен, ақынның қоғамдық қызметімен және Абай дәуірін суреттейтін сирек кездесетін өлкетану басылымдарымен танысты.
Сонымен қатар аталған мерекені ұйымдастырушы сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің жасақ бастықтары сотталғандар арасында Абай өлеңдерін оқудан сайыс өткізді.
Қылмыс жасап жазаға тартылғандарға Абай атамыздың өлеңдеріндегі өсиет үлкен ой салды. Сайыс барысында олар әсіресе Абайдың “Ғылым таппай мақтанба” деген өлеңін нақышына келтіріп оқып қана қоймай, ақынның “Өсек, өтірік, мақтаншақ. Еріншек, бекер мал шашпақ. Бес дұшпаның білсеңіз” деген өсиетін өзара талқылап, пікір алмасты. Ғұлама ақынның адамға ой салар өлеңдері сотталғандардың болашақта адал еңбекпен өмір сүруге деген құштарлығын арттыра түсетіні анық, – дейді жасақ бастығы А.Шакирбаев.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова