Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАсқартау шағын ауданы Жансая көшесі 17Б мекенжайдағы құлыпталған үй бұзылды. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасынан хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Басқарма мәліметінше, бұрын жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша меншік иесіне қатысты рұқсат құжаттары толық пакетінің болмауына байланысты әкімшілік шаралар қабылданды және бұзушылықтарды жоюға нұсқама берілді.
Нұсқама мерзімі аяқталғаннан кейін басқарма Алматы қаласының Бостандық аудандық сотына бұзуға талап арыз берді. 2024 жылғы 2 мамырда Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы сот бұзу туралы шешім өзгеріссіз қалды. Кейін Әділет департаментінде атқарушылық іс қозғалды, - делінген мәліметте.
Нысанды бөлшектеу сот орындаушыларының қатысуымен басталды.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 72 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», KHAN және басқа да тұрғын үй кешендері толығымен немесе ішінара бұзылған.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді