28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАлматыда Жеңістің 80 жылдығына орай «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында қаланың барлық ауданында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің аллеясы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, орталық іс-шара 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта өтті. Оған Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, ардагерлер, олардың отбасылары және қала тұрғындары қатысты.
Саябақта биіктігі 6 метр болатын 29 жөке ағашы отырғызылды. Әр ағашта майдангерге арналған аты жазылған тақтайша бар. Жөке ағашы ұзақ өмірдің, төзімділіктің және есте сақтаудың символы ретінде таңдалған. Жалпы қала бойынша 200 осындай ағаш отырғызылды.
Акция – батырлардың ерлігіне деген құрметтің белгісі және тарихи жадты сақтау жолындағы үлес. Жаңа аллеялар тұрғындар балалары мен немерелерімен келіп, ұлы Жеңіс туралы естелікті келер ұрпаққа жеткізе алатын орынға айналмақ.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?