Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыОтан соғысына қатысқан Федор Прохорович Блинов 101 жасқа толып, «Қарулы Күштердің ардагерлері» РҚБ Алматы филиалының, қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Әуезов ауданы басқармасының өкілдері ғасырдан аса жасаған қарияны туған күнімен құттықтап барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әскери қызметшілер майдангерге зор денсаулық, ұзақ өмір және бақ-береке тілеп, алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.
Федор Блинов Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Александровка ауылында дүниеге келген. Майданда ол байланысшы болды, Беларусь, Украина, Польша және Чехословакияны азат ету шайқастарына қатысты. Аға сержант Федор Блинов көптен күткен Жеңіс күнін Германияда қарсы алды.
Федор Блинов I және II дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және басқа да көптеген наградалармен марапатталған.
Бүгінде Федор Прохорович қызымен тұрады. Соғыс ардагері бес баладан 55 немере-шөбере көріп отыр.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды