Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсСловакия Парламенті Спикерінің қатысуымен Алматыда Словакияның Құрметті консулдығы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі СІМ-ге сілтеме жасап
Бүгін Халық Радасының спикері Борис Коллар бастаған Словакияның өкілді парламенттік делегациясының қатысуымен осы елдің Құрметті консулдығы ашылды.
Ресми шарада Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Пономарев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко және Словакияның Қазақстандағы Елшісі Роберт Кирнаг қатысты.
Салтанатты рәсімге қатысушыларға арнаған сөзінде Б.Коллар Қазақстанның ірі қаржы, ғылыми-білім беру және туристік орталығы – Алматы қаласында словак құрметті консулдығын ашудың маңыздылығын атап өтті. Парламент Төрағасы сондай-ақ өткен жылы екіжақты тауар айналымының 166 миллион еуроға дейін өскенін қанағаттанушылықпен атап өтті.
Р. Василенко Құрметті консулдықтың қызметі мәдениет, ғылым, білім, экономика және сауда сияқты салаларда Қазақстан-Словакия ынтымақтастығын одан әрі дамытуға және нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді. Бүгінде Қазақстанда словак капиталының қатысуымен 30-ға жуық компания табысты жұмыс істеп жатқаны ерекше атап өтілді.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды