2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАлматыда синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері тұрақты есірткі тасымалдаушысын ұстады, одан бірнеше мекенжайдан сот-химиялық сараптаманың қорытындысы бойынша 1 келіден астам синтетикалық а-PVP есірткісі тәркіленді.
«37 жастағы күдікті азамат үш мекенжайға бетбелгі қою барысында ұсталды. Изолентаға оралған есірткі заттары бірден тәркіленді. Сонымен қатар, күдіктінің Толстой көшесіндегі жалдамалы пәтері де тексерілді. Нәтижесінде ас үйдегі сөреден жасыл және ақ түсті ұнтақты заты бар 40 бума анықталды. Сондай-ақ, залдан қорап табылды, оның ішінде ұнтақты заты бар 331 бума болды. Самалдықтан қызыл, көк, ақ және жасыл түсті түйіршіктер мен ішінде ұнтақ түріндегі заты бар 5 пластик ыдыс табылды. Сараптама бумалар мен ыдыстарға синтетикалық есірткі оралғанын анықтады», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Ұсталған азаматтың әрекеті тергеумен ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сараланды. Ол УҰИ-ға қамауға алынды. Алматыға шөпті жеткізудің нақты арнасы белгілі болады. Қазір күдікті синтетикалық есірткіні интернет арқылы алғанын алға тартып отыр.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс