7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?2025 жылдың 30 сәуірінде ҚР Орталық мемлекеттік музейінде Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқаны бар елдің шоқтығы биік» атты көрме ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, онда ғалым-энциклопедистің өмірі, шығармашылығы мен ғылыми зерттеулері туралы материалдар қойылған.
Атап айтсақ, қолжазбалар мен еңбектері, Ресей Географиялық қоғамының мүшелігіне сайланғаны туралы дипломның көшірмесі, жеке заттары — бөркі, мылтықтың дүмі, Қашғар экспедициясынан әкелінген бірегей қытай вазасы, жорық торсығы, мыс кесе, зерлі белдік және басқа да құнды жәдігерлер бар. Көрмеге ұсынылған экспонаттар Орталық мемлекеттік музей мен «Алтынемел» мемориалдық музейінің қорынан алынған.
Көрмеде ерекше орын алған сирек жәдігерлердің қатарында Шоқан туыстарының бұйымдары да бар. Оның ішінде қарындасы Тәжібай киген аққу қауырсынынан тігілген сирек шапан, Бәдүгүл апасының бешпенті мнн белгілі кеңес суретшісі Н. Я. Третьяков салған Шоқан Уәлихановтың портреті бар.
Көрме аясында «Шоқанның ғылыми мұрасы» атты дөңгелек үстел өтті. Оған белгілі тарихшы, философ, этнограф, географ және музейтанушы ғалымдар қатысты. Мамандар Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндамалар жасап, ғалымның ғылыми мұрасының маңызы мен рөлін талқылады.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?