Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматыда шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан 65 қазақстандық айыппұл арқалады. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы көші-қон қызметінің хабарлауынша, жұмысқа шетелдік жұмыс күшін тартудың белгіленген тәртібіне қарамастан, кейбір жеке және заңды тұлғалар оны елемей, сол арқылы Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзып отыр.
Бұған дейін хабарланғандай осы күндері Алматыда жалпы қаладағы қылмыстық ахуалды жақсартуға бағытталған «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасының үшінші кезеңі жүргізіліп жатыр. Көші-қон заңнамасының сақталуын тексеру мәселелері – басымдықта. Заңсыз жүргендерді анықтау және заңсыз көші-қонды ұйымдастыру арналарының жолын кесу бойынша жергілікті рейдтер жүргізілуде, – дейді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Алматы қаласының полиция қызметкерлері кезекті рейд барысында нысандардың бірінде қолданыстағы заңнаманы өрескел бұзып, Қазақстанда жүрген 51 шетелдікті анықтады.
Олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмағандықтан, ПД-ның қабылдап-тарату орталығына орналастырылды.
Нысанның басшысы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары