Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматыда шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азамат қайта қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласының полиция қызметі шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтың заң бұзғаны үшін қайта қамауға алынғаны туралы хабарлады. Оқиға өткен жазда түрмеден босап шыққан 35 жастағы ер адамға қатысты. Сот оның жазасының өтелмеген бөлігін үй жағдайында өтеуіне мүмкіндік берген болатын. Алайда, азамат бұл мүмкіндікті бағаламады. Бостандықта жүргенде ол заң талаптарын, қоғамдық тәртіпті және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу талаптарын өрескел бұзды. Бұл соттың оны қайта қамауға алу туралы шешім шығаруына негіз болды.
Полицияның айтуынша, бұл жағдай арнайы кездесуде басқа шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтарға да ескертілді. Басқалардың қателігінен сабақ алу маңызды. Сондықтан есепте тұрған адамдарға заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі тағы да түсіндірілді. Түрксіб ауданының өзінде шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы 10 бұйрықтың күші жойылды. Жалпы, мұндай азаматтардың тәртібі мен өмір салтына қатысты қадағалау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп, бақылауда тұр.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек