23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Алматыда қылмыс жасаған үш ер адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Алдымен, олар сағат 15:00 шамасында мектептен қайтып келе жатқан үш балаға шабуыл жасады. Олар кәмелетке толмағандардың ұялы телефондары мен ақшасын ашық түрде иемденіп алған. Арада бір жарым сағат өткен соң күдіктілер 41 жастағы ер адамды тонап кетті. Бұл жолы олар жәбірленушінің ұялы телефоны мен құжаттарын алып қойған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер дереу ұсталды. Олардың жасы – 24-34 аралығында», - деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.
Полиция өкілінің айтуынша, күдіктілер өз кінәсін мойындады. Аталған деректер бойынша қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігінің 1-тармағына сәйкес тіркелді. Ұялы телефон, құжаттар айғақты зат ретінде тәркіленді және іс материалдарына тіркелді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік