Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТөтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпхановтың басшылығымен сейсмикалық құбылыстарды болжау мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өткізілді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан ұлттық деректер орталығының басшысы Наталья Михайловамен кездесу барысында барлық сейсмологиялық станциялардан өзара ақпарат алмасу мәселелері талқыланды.
«КазРубежГеология» ЖШС бас директоры Виталий Петровский жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық суреттері арқылы жер сілкіністерін болжау әдістерін көрсетті.
Сондай-ақ, сейсмикалық құбылыстарды болжау саласындағы тәжірибемен Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының профессоры Танақан Абақанов бөлісті.
Кездесу қорытындысы бойынша ТЖМ сейсмикалық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы базасында сейсмикалық құбылыстарды болжау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы келісімге қол жеткізілді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары