Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматыда жол-көлік оқиғаларының саны «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенін енгізгеннен кейін 17%-ға азайған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Олжас Жанабектің айтуынша, «Сергек» кешендерінің үш жылдық жұмысы барысында Алматы жолдарында апаттар мен өлім-жітім деңгейі айтарлықтай төмендеген.
Бүгінде мегаполисте 1641 «Сергек» кешені жұмыс істеп тұр, бұл 9152 бейнебақылау камерасын қамтиды. 2021 жылдан 2024 жылдың шілдесіне дейінгі аралықта жолдардағы өлім-жітім 40%-ға, жол-көлік оқиғаларының саны 17%-ға, ал апат салдарынан жарақат алғандардың саны 30%-ға азайды, - деді ол.
Сонымен қатар, жоба іске қосылғаннан бері қалалық бюджетке 44,08 миллиард теңге түскен.
Айта кетейік, тек биылғы жылдың тоғыз айында Алматыда 3 миллионнан астам құқық бұзушылық тіркеліп, 18,6 миллиард теңгеден астам айыппұл өндіріліп отыр.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары