Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматыдағы «Жібек жолы» сауда орталығында өрт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түрксіб ауданының Сейфуллин көшесінде болған өрт туралы хабарлама ТЖД өкілдеріне сағат 11:50-де түскен.
Өрт сөндірушілер төрт қабатты «Жібек жолы» сауда орнының 4-қабатында орналасқан әкімшілік кабинетінің техникасы, жиһазының жанып жатқанын анықтаған.
Өртті барлау және сөндіру барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің буындарымен келушілерді эвакуациялау ұйымдастырылып, өртке қарсы автосатыры орналастырылды, өрт оқпандары енгізіліп, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршап алды, - делінген мәліметте.
Атқарылған шаралармен өрт 12:13-те оқшауланып, 12:21-де жойылды.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар