23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Ерменсай шағын ауданындағы 7-ші бұрылыс 8-учаскеде орналасқан тұрғын үй кешені сот шешімімен заңсыз деп танылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нысанға жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында «MGM Development» ЖШС аталған тұрғын үй кешенінің құрылысын СЖТ-сыз, эскиздік жобаны келісусіз, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламасыз, мемлекеттік сараптама, авторлық және техникалық қадағалаусыз бастағаны анықталған.
2023 жылы 27 желтоқсанда Алматы қалалық соты МАЭС-ның нысанды сүру туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды, меншік иесінің апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады.
Кеше нысанды сүру жұмыстары Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.
Алматы әкімдігі ұсынған мәліметке сүйенсек, қала басшысы Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысты бақылауды күшейту тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 50 заңсыз нысан, соның ішінде «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқа да нысандар толық немесе жартылай бұзылған.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік