Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің «Адал азамат – ұлт келбеті» атты V республикалық форумы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жиынға ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Парламент Мәжілісінің депутаты Сергей Пономарев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА қоғамдық құрылымдарының мүшелері және өңірлік ақсақалдар кеңестерінің төрағалары қатысты.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, форум аясында ҚХА XXXIV сессиясында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау мәселелері, Ассамблеяның 30 жылдық қызметінің қорытындылары талқыланды. Сондай-ақ этносаралық келісімді нығайтуда, жастарға дәстүрлі құндылықтарды дәріптеуде Ақсақалдардың рөлі сөз етілді.
Пленарлық сессияда «Адал азамат» жобасын жүзеге асыру, этномедиацияны дамытуға, Аналар кеңестерімен өзара байланыс орнату, сондай-ақ жастарды адамгершілікке және патриотизмге тәрбиелеу секілді мәселелерге ерекше назар аударылды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді