18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Алматыда республикалық референдум өтетін күні жүріп-тұруы қиын азаматтар үшін қала әкімдігі «Инватакси» қызметін ұсынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл қызмет арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ көру қабілеті нашар азаматтарға қолжетімді. Бүгін 6 қазанда қалада 100 «Инватакси» көлігі қызмет көрсетеді.
«Инватакси» қызметіне келесі диспетчерлік қызмет нөмірлері арқылы тапсырыс беруге болады:
• Тірек-қимыл аппараты бұзылған және арбамен жүретін азаматтар үшін: +7 (747-40) 2-64-15, +7 707 710 6050 (WhatsApp);
• Көру қабілеті нашар азаматтар үшін: +7 (705-98) 0-87-09, +7 705 831 48 14.
Бұдан өзге референдум күні 20 кезекші автокөлік жүріп-тұруы қиын азаматтарға көлік қызметін көрсету үшін ұйымдастырылады. Кезекші көліктерге 338-30-09 нөмірі арқылы қоңырау шалуға болады.
Алматы әкімдігі осы нөмір арқылы мүгедектігі бар адамдар көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша жүгіне алатынын атап өтті.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр