23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры Қазақстандағы классикалық өнердің негізін қалаған Евгений Брусиловский, Қанабек Байсейітов, Құрманбек Жандарбеков сынды көрнекті тұлғалардың 120 жылдығына арналған «Қыз Жібек» операсын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл тұлғалардың есімдері ұлттық музыка мен театр өнерінің тарихында алтын әріптермен жазылған. Кеш барысында «Қыз Жібек» операсының алғашқы және мыңыншы қойылымынан сирек кездесетін тарихи кадрлар көрсетілді. Театр залында сол аңыз адамдардың дауысы естілді. Кейін олардың ісін жалғап келе жатқан ізбасарлары да сөз сөйледі. Айта кетейік, «Қыз Жібек» қазақтың тұңғыш операсы 1934 жылдың 7 қарашасында сахналанды. Сол қойылымда басты партияларды Күләш Байсейітова, Құрманбек Жандарбеков және Қанабек Байсейітов орындады. Олар спектакльге қатысып қана қоймай, Е. Брусиловскийге қазақ музыкасын меңгеруге көмектесіп, операның негізі болған музыкалық материалды таңдауға ықпал етті.
Опера музыкасы түгелдей фольклорға негізделген. Онда елуден астам күй мен ән қамтылып, халық музыкасы мен поэзиясының озық үлгілері жинақталған. Қойылым көпшіліктің көңілінен шықты. Кешке мерейтой иелерінің туыстары да қатысты. Ұлттық опера өнерінің тарихи және заманауи мұрасы шырқалып, қойылым барша көрерменге ерекше әсер қалдырды.
Бұған дейін Ұлттық ұлан Батырхан Шүкенов шығармашылығына құрмет көрсеткені туралы жазған едік.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік