13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз5 маусымда Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде «Қытай өнерінің ой-мақсаттары – Қытай Ұлттық көркемөнер музейінің жауһарлары» атты көрме ашылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, экспозицияға кескіндеме, графика және мүсіннің 50-ге жуық туындысы енген. Бұл еңбектерді Қытайдың ХХ-ХХI ғасырдағы белгілі суретшілері жазған, олар Сиэйи өнерінің дәстүрін жалғап келеді. Шеберлер өздерінің шығармашылығында стиль, техника және материалдардың ерекшеліктері арқылы тек сыртқы бейнені ғана емес, сонымен қатар оның ішкі рухани мәнін де ашады.
Қытайдың танымал заманауи мүсіншілерінің бірі — У Вэйшань. Ол әлемге суретші әрі қоғам қайраткері ретінде кеңінен танымал. Көрмеге мүсіншінің Лао Цзы, Ци Бай Ши секілді Қытай тарихындағы ірі тұлғалардың мүсіні қойылды. Қоладан жасалған бұл туындыларда автор кейіпкердің мінезін қозғалмалы форма, беттің құрылымын ерекше бедерлеу және каллиграфияны еске салатын ерекше стиль арқылы көрсеткен, - делінген мәліметте.
Айта кетейік, 2018 жылы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі Жібек жолы музейлері мен галереялары Халықаралық альянсының құрамына кірді.
«Қытай өнерінің ой-мақсаттары – Қытай Ұлттық көркемөнер музейінің жауһарлары» көрме жобасы – ұлттық өнерді насихаттауға арналған маңызды мәдени алмасу бағдарламаларының бір бөлігі. Бейжіңдегі жетекші өнер музейі ұсынған көрме қытай өнерінің жауһарымен танысуға тамаша мүмкіндік береді.
Көрме 2025 жылдың 3 тамызына дейін жалғасады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды