Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс5 маусымда Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде «Қытай өнерінің ой-мақсаттары – Қытай Ұлттық көркемөнер музейінің жауһарлары» атты көрме ашылады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Экспозицияға кескіндеме, графика және мүсіннің 50-ге жуық туындысы енген. Бұл еңбектерді Қытайдың ХХ-ХХI ғасырдағы белгілі суретшілері жазған, олар Сиэйи өнерінің дәстүрін жалғап келеді. Шеберлер өздерінің шығармашылығында стиль, техника және материалдардың ерекшеліктері арқылы тек сыртқы бейнені ғана емес, сонымен қатар оның ішкі рухани мәнін де ашады.
2018 жылы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі Жібек жолы музейлері мен галереялары Халықаралық альянсының құрамына кірді. Кәсіби өнер ұйымдарын біріктіру бастамасы Қытай Ұлттық музейіне тиесілі және қатысушы елдер арасында мәдени ынтымақтастық пен өзара тәжірибе алмасуға бағытталған.
Қытай өнерінің ой-мақсаттары – Қытай Ұлттық көркемөнер музейінің жауһарлары» көрме жобасы – ұлттық өнерді насихаттауға арналған маңызды мәдени алмасу бағдарламаларының бір бөлігі. Бейжіңдегі жетекші өнер музейі ұсынған көрме қытай өнерінің жауһарымен танысуға тамаша мүмкіндік береді, - деп жазылған мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарламасында.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды